Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Галкино ауылындағы "30 лет Целины" көшесінің атауын "Мәншүк Мәметова" көшесі және "Садовая" көшесінің атауын "Әлия Молдағұлова" көшесі деп қайта өзгертілсін.
2. Шешімнін орындалуын бақылау аудандық ономастикалық комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кеін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі О. Құдайбергенов