ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі ХІ сессиясының «Алматы қаласында сумен қамту және канализацияның инженерлік коммуникация жүйелерін күтіп ұстау ережесін бекіту туралы» № 120 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 318 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 18 мамырда N 845 тіркелді. Қолданысы 2015 жылғы 1 қазанға дейін тоқтатылды - Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздагы № 318 шешімімен. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 16 қазандағы № 377 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 16.10.2015 № 377 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Шешімнің қолданысы 01.01.2015 дейін тоқтатылды - Алматы қаласы мәслихатының 24.04.2014 № 223 шешімімен.

      Шешімнің қолданысы 01.10.2015 дейін тоқтатылды - Алматы қаласы мәслихатының 17.03.2015 № 318 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясының 39 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі ХІ сессиясының «Алматы қаласында сумен қамту және канализацияның инженерлік коммуникация жүйелерін күтіп ұстау ережесін бекіту туралы» № 120 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 784 рет санымен 2008 жылғы 14 тамызда тіркелген, 2008 жылғы 4 тамызда «Алматы Ақшамы» № 100 (4038), 2008 жылғы 28 тамызда «Вечерний Алматы» № 103 газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Аталған шешімімен бекітілген Алматы қаласында инженерлік коммуникацияларды сумен жабдықтау және кәріз желілерін ұстау Ережесінде (бұдан әрі-Ереже):
      2 тармақтағы:
      31 тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «31) зиянды заттар қоспасы мөлшері (бұдан әрі- ЗЗҚМ), су бөлу жүйесіне құйылатын тұтынушының өнеркәсіп ағын суларындағы зиянды заттардың жіберілген құрамының шегі»;
      14 тармақтағы «тыйым салынады» сөздері «жол берілмейді» сөздерімен ауыстырылсын;
      18 тармақтағы «жүзеге асырылуы тиіс» сөздері «жүзеге асырады» сөздерімен ауыстырылсын.
      22 тармақтағы «тыйым салынады» сөздері «жол берілмейді» сөзімен ауыстырылсын;
      23 тармағының бірінші абзацындағы «коридор қалдыруға міндетті» сөздері «коридор қалдырады» сөздерімен ауыстырылсын,
      екінші абзацтағы «қамтамасыз етуге міндетті» сөздері «қамтамасыз етеді» сөздерімен ауыстырылсын;
      25 тармақ келесі тармақшаларымен толықтырылсын:
      «9) техникалық шарттар;
      10) есептегіш құралына арналған техникалық құжаттама.»;
      26 тармақтағы «алуға міндетті» сөздері «алады» сөзімен ауыстырылсын,
      екінші абзацтағы «алуы қажет» сөздері «алуы керек» сөзімен ауыстырылсын;
      35 тармақтағы «тиіс» сөзі «керек» сөзімен ауыстырылсын;
      41 тармақтағы «тыйым салынады» сөздері «жол берілмейді» сөзімен ауыстырылсын;
      44 тармағының екінші абзацындағы «тұрғызуға міндетті» сөздері «тұрғызады» сөзімен ауыстырылсын,
      7, 8, 9 абзацтардағы «жүргізуге міндетті» сөздері «жүргізеді» сөзімен, «сақталуы тиіс» сөздері «сақталады» сөзімен, «жауапкершілік тұтынушының мойнына жүктеледі» сөздері «жауапкершілікті тұтынушы көтереді» сөздерімен ауыстырылсын;
      46 тармақта:
      екінші абзацында «ескертуі қажет» сөздері «ескертуі керек» сөздерімен ауыстырылсын.
      үшінші абзацында «шешілуі тиіс» сөздері «қарастырылады» сөзімен ауыстырылсын;
      55 тармақтағы екінші азат жол алынып тасталсын;
      59 тармақ алынып тасталсын;
      60 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «60. Қаланың су жабдықтау жүйесінде бірнеше су көздері бар тұтынушылар су құбыр-кәріз шаруашылығы ұйымының кәріз желілерінің кәріз құбырларына суды ағызу мүмкіндігі болғандықтан, сондай-ақ басқа су көздерінің сумен жабдықтау жүйелерінде су есептегіш приборлары мен су есептегіш құралдарын орнатады. Су есептегіш құралдарының негізінде су құбыр-кәріз шаруашылығы ұйымы қабылдаған судың жалпы көлемі белгіленеді.»;
      64 тармақтағы «сәйкестендіруі тиіс» сөздері «сәйкестендіреді» сөзімен ауыстырылсын;
      74 тармақтағы «қабылдауға міндетті» сөздері «қабылдайды» сөзімен ауыстырылсын;
      78 тармақтағы «қабылдауы тиіс» сөздері «қабылдауы керек» сөздерімен ауыстырылсын;
      83 тармақтағы «тыйым салынады» сөздері «жіберілмейді», «пайдалану қажет» сөздері «пайдалану керек» сөздерімен ауыстырылсын;
      87 тармақтағы «тыйым салынады» сөздері «рұқсат етілмейді» сөзімен ауыстырылсын;
      88 тармақтағы «жасауы тиіс» сөздері «жасауы керек» сөздерімен ауыстырылсын;
      92 тармақтағы «қажет» сөзі «керек» сөзімен ауыстырылсын.
      94 тармақтағы «хабарлауға» сөзі «жедел хабарлайды» сөздерімен, «өтеуге міндетті» сөздері «өтейді» сөзімен ауыстырылсын;
      99 тармақтағы «өтеуі тиіс» сөздері «өтеуі керек» сөздерімен ауыстырылсын;
      103 тармақтың екінші абзацындағы «пломбалануы тиіс» сөздері «пломблануы керек» сөздерімен ауыстырылсын;
      104 тармақтағы «тыйым салынады» сөздері «жол берілмейді» сөзімен ауыстырылсын;
      106 тармақтың екінші абзацындағы «хабарлауға міндетті» сөздері «хабарлауы керек» сөздерімен ауыстырылсын;
      107 тармақтағы «тыйым салынады» сөздері «жол берілмейді» сөзімен ауыстырылсын;
      109 тармақтағы «тыйым салынады» сөздері «жол берілмейді» сөзімен ауыстырылсын;
      113 тармақтағы «жасауға тиісті» сөздері «жасауы керек» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (О.Ю.Нам) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә.Шормановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХХVII сессиясының
      төрағасы                               Б. Шин

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                   Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады