Петропавл қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 17 наурыздағы N 308 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 сәуірде N 13-1-177 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі N 586 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 17.04.2014 N 586 қаулысымен

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 20.11.2013 N 2208 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      1. Петропавл қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының мына қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (бір жылдан астам);
      2) өз еркімен жұмыстан босаған тұлғалар;
      3) 29 жасқа дейінгі жастарды қоса;
      4) 50 жастан асқан тұлғалар;
      5) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
      6) толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған тұлғалар;
      7) еңбекақысы сақталусыз демалыста жүрген тұлғалар;
      8) өндірістің тоқтап тұруына байланысты уақытша жұмыспен қамтылмаған тұлғалар.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы  Петропавл қалалық әкімдігінің 2012.06.15 N 1106 Қаулысымен
      2. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға қосымша енгізілген тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды уақытында қамтамасыз етсін.
      3. Қала әкімдігінің мына қаулыларының күштері жойылды деп танылсын:
      «Петропавл қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 444 қаулысы (2009 жылғы 24 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-152, 2009 жылғы 1 мамырдағы «Қызылжар нұры» № 18, 2009 жылғы 1 мамырдағы «Проспект СК» № 18 газеттерінде жарияланған);
      «Петропавл қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 444 қаулысына қосымшалар енгізу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 1 шілдедегі № 741 қаулысы (2009 жылғы 23 шілдедегі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-156, 2009 жылғы 7 тамыздағы «Қызылжар нұры» № 32, 2009 жылғы 7 тамыздағы «Проспект СК» № 32 газеттерінде жарияланған).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Балтабаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынасқа таралады.

      Петропавл қаласының әкімі                  Н. Әшімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады