Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысы 17.06.2014 N 16.7.3/1350 хаты)
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Петропавл қаласы тұрғындарының нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 17 наурыздағы № 308 қаулысына (2010 жылғы 23 сәуірдегі Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 13-1-177, «Қызылжар нұры» газетінің 2010 жылғы 21 мамырдағы № 23 (285), «Проспект СК» газетінің 2010 жылғы 21 мамырдағы № 22 (332) сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулының 1-тармағы 3) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«3) 29 жасқа дейінгі жастарды қоса;».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Б. Жұмабеков