Петропавл қаласы халқының мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 444 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 24 сәуірде N 13-1-152 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 17 наурыздағы N 308 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2010.03.17 N 308 Қаулысымен

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңының 5-бабы, 2-тармағы , 7-бабы, 5-4) тармақшасына, 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды есепке ала отырып, жұмыспен қамту саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Петропавл қаласы халқының мақсатты топтарын жататын тұлғаларының мынадай қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (1 жылдан астам);
      2) оқу орындарының түлектері;
      3) Петропавл қаласы ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелерінің саны немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылған тұлғалар;
       4) еңбекақысы сақталусыз демалыстағы тұлғалар;
      5) толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған
тұлғалар;
      6) өндіріс тоқтап тұрғандықтан жұмыспен уақытша қамтылмаған
тұлғалар;
      7) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
      8) өз тілегі бойынша жұмыстан шыққан тұлғалар;
      9) орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезінде);
      10) 25-ті қоса жасқа дейінгі жастар.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.07.01 N 741 Қаулысымен
      2. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қосымша мақсатты топтарға жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н. Құлжановаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

       Қала әкімі                                       Е. Нұрақаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады