Сотталғандарға қоғамдық пайдалы жұмыс түрлерін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 12 тамыздағы N 273 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қыркүйекте N 13-3-123 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы N 47 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 10.02.2015 N 47 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 Қылмыстық Кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 208 Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жазалау түрінде сотталғандарға қоғамдық пайдалы жұмыс түрлері анықталсын:
      аумақтарды көріктендіру және тазарту.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Тоқтасын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады