1995 жылы туған Ақжар ауданы аумағындағы Қазақстан Республикасының ер азаматтарының 2012 жылғы қаңтардан наурызға дейін әскерге шақыру учаскесінде тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы N 17 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 13 желтоқсанда N 13-4-133 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 12 қыркүйектегі N 02.02-02/459 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппаратының 2012.09.12 N 02.02-02/459 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74 Заңы 17-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Тiркеу жылы он жетi жасқа толатын 1995 жылы туған Ақжар ауданы аумағындағы Қазақстан Республикасының ер азаматтарының 2012 жылғы қаңтардан наурызға дейін әскерге шақыру учаскесінде тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ.Айтмұхаметовқа жүктелсін.
      3. «1994 жылы туған және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы ер азаматтардың Ақжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізу туралы» аудан әкімінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 16 шешімі (2010 жылғы 02 желтоқсанда № 13-4-112 нөмірімен нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде тіркелген және аудандық «Дала дидары» газетінің 2010 жылғы 11 желтоқсандағы № 51, «Акжар-хабар» газетінің 2010 жылғы 11 желтоқсандағы № 51 санында жарияланған) күші жойылған деп саналсын.
      4. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Тастеміров

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Ақжар ауданының қорғаныс істер
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Т.С.Турабай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады