2010 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 114 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 мамырда N 13-5-111 тіркелді. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 5 маусымдағы N 6.1.2-3/817 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 05.06.2014 N 6.1.2-3/817 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 Заңы 5-бабы 3-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 123 қаулысымен бекітілген облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінің 7-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдері келесі тәртіпте анықталсын:
      жаздық бидай - 15-30 мамыр, дәнді дақылдар бойынша алдыңғы егіс 5 маусымға дейін;
      арпа, орташакеш сорты - 25-30 мамыр;
      арпа, орташажетілген сорты - 30 мамыр – 5 маусым;
      сұлы, орташакеш сорты - 25-30 мамыр;
      сұлы, орташажетілген сорты - 27 мамыр – 5 маусым;
      бұршақ - 25-30 мамыр;
      қарақұмық - 20-30 мамыр;
      рапс - 15-20 мамыр;
      зығыр – 17-22 мамыр;
      қыша – 17-22 мамыр;
      күнбағыс – 15-20 мамыр;
      картоп – 15-23 мамыр;
      сүрлемдік жүгері - 15-20 мамыр.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Айбек Оралбекұлы Күшеновке жүктеймін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Тасмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады