Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 193 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 сәуірде N 13-6-145 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 15 маусымдағы N 02.04.05-11/361 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі аппаратының 2012.06.15 N 02.04.05-11/361 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай біржолғы материалдық көмек ( бұдан әрі – біржолғы материалдық көмек) азаматтардың төмендегі санаттарына берілсін:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша теңестірілетін адамдарға (интернационалист-жауынгерлер мен техногендік апаттардың салдарын жоюға қатысушыларды есептемегенде) – 5 000 теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы ССР Одағының ордендерімен, медальдарымен марапатталғандарға және Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта тылда алты айдан кем емес жұмыс істегендерге (қызмет еткендерге) – 2 000 теңге мөлшерінде;
      2. Біржолғы материалдық көмекті төлеу жергілікті бюджеттің қаржысынан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектеріне және соларға теңестірілгендерге, оның ішінде запасқа (отставкаға) шығарылғандарға, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 3 қыркүйегі аралығындағы әскери қызметтерін әрекет етуші әскердің құрамына кірмеген әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскери оқу орындарында атқарғандарға, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталғандарға, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда алты айдан кем емес жұмыс істегендерге (қызмет істегендерге) біржолғы материалдық көмекті төлеу» 451-020-015 бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.
      3. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі біржолғы материалдық көмекті тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.
      4. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі біржолғы материалдық көмекті аудан бюджетімен бекітілген ассигнование деңгейінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Бектасоваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Есіл ауданының әкімі                       А. Бегманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады