Есіл ауданының елді мекендеріндегі аумақтарды абаттандыру, жасыл көшеттерді және инфрақұрылым нысаналарын ұстау Ережелері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 маусымдағы N 30/178 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 тамызда N 13-6-151 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 маусымдағы N 6/29 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.06.07 N 6/29 Шешімімен

      «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 заңының 6-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Есіл ауданының елді мекендеріндегі аумақтарды абаттандыру, жасыл көшеттерді және инфрақұрылым нысаналарын ұстау қоса берілген Ережелері бекітілсін.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                        Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                      хатшысы
      П. Гольцер                                Б. Шериязданов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық ішкі істер бөлімінің
      бастығы                                    А. Ыбраев

      «ТКШ, жолаушылар көлігі және
      автомобиль жолдары бөлімі» ММ
      бастығы                                    В. Куликов

      Есіл ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының
      бастығы                                    Т. Гошовская

Есіл аудандық мәслихатының
2010 жылғы 28 маусымдағы
№ 30/178 шешімімен бекітілді

Есіл ауданының елді мекендеріндегі аумақтарды абаттандыру, жасыл көшеттерді және инфрақұрылым нысаналарын ұстау Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексіне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексіне», «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 заңдарына және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленген.
      2. Ереже Есіл ауданындағы аумақтарды абаттандыру, инфрақұрылым нысаналарының жасыл көшеттерін сақтау, ұстау және қорғау саласындағы қарым-қатынастарды реттейді.

2. Ережедегі негізгі анықтамалар мен түсініктемелер

      3. Елді мекендерді абаттандыру – елді мекендердің аумақтарында адамның ыңғайлы, жайлы өмір сүруіне бағытталған жұмыстар мен элементтер кешені.
      4. Аумақтарды тазарту – аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, қызыл суды жинау, тазалау, шығару және қайтадан пайдалану (зиянсыздандыру).
      5. Өндірістік және пайдаланылатын қалдықтар – (одан әрі қалдықтар) - өндіріс және пайдалану барысында қалыптасқан шикізаттардың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, басқа да өнімдердің немесе азық-түліктердің қалдықтары, сонымен қатар өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
      6. Ірі габаритті қоқыстар – пайдаланылатын және шаруашылық қызметінде өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан қалдықтар (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.)
      7. Рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі – заңды және жеке тұлғалардың қызметі барысында қалыптасатын өндіріс және құрылыс қалдықтары басқа да қоқыстар, қар, мұзды өз еркінше (рұқсат етілмеген) қоқыс шығару (орналастыру) немесе жинау.
      8. Пайдаланылатын қалдықтарды жинау және шығару арнайы автокөлікке контейнерлерден пайдаланылатын қалдықтарды артуға, қоқыстар шашылған контейнерлер тұратын алаңдар мен оларға кіреберістерді тазартуға, және оларды қоқыс жинау орнынан қайта пайдалану объектісіне тасымалдауға байланысты іс шаралар кешені.
      9. Аула ішілік аумақ - бұл балалар алаңын, демалыс аймағын, шағын сәулет нұсқасын қосқандағы аумақтар құрылысының басты жоспарымен бөлінген аумақ.
      10. Аумақтың орналасуы:
      1) кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, жеке меншікке қарамастан, жаяу жүргін жол, тротуарлар, жасыл көшет шекарасы жер учаскісінен 15 метр болуы тиіс. Одан басқа әрбір ұйымға жергілікті атқарушы органдардың шешімімен бекітілген шекараларда қоқыс жинау үшін аумақтар бекітілген;
      2) саудаға арналған павильондарға - қабырғадан 6 метр ара қашықтықта болуы тиіс;
      3) көп қабатты тұрғын үйлерге, дүкендерге, тұрғын үйлерде салынған ғимараттар- далаға шығатын қасбет ғимараттан, тротуарлар мен жаяу жүргін жол бөлігінен 15 метрден аспауы тиіс;
      4) жеке тұрғын үйлер үшін - жер учаскісі, үй иелігінің шекарасынан, тротуардың болмауынан пайда болған нөсерден кейінгі ордан жер учаскісі шекарасы 15 метр болуы тиіс.
      11. Уәкілетті орган – уәкілеттіктері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,оның коммуникациясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының саласындағы уәкілеттіктері аудан әкімдігімен белгіленген мемлекеттік мекеме.

3. Шағын сәулет пішінін ұстау

      12. Тұрғын аумағын салу, қоғамдық орындар, көшелер, саябақтар, шағын сәулет пішінімен жабдықталған демалыс орны, күрке, көлеңке төбелермен, урналар, фонтандар, балалар ойынына арналған жабдықтар, елді мекендердің демалыс орны, стендтар, қоршаулар, телефон будкалары, автокөлікті тосу павильоны.

4. Аумақтарды ұстауға қойылатын талаптар

      13. Барлық меншік түрінің, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, және сауда үйлері мен павильондардың иелері мен жалгерлеріне төмендегіні қамтамасыз ету керек:
      1) өзінің аумағын санитарлық тазарту, сонымен қатар, өзінің күшімен тұрмыстық қоқысты шығару немесе басқа кәсіпорындармен келісім-шарт жасау;
      2) өзінің аумағындағы жердің үстіндегі және астындағы суды тартуға арналған санитарлық тазалау, төселген жолды, құбырды, сорғыны және су көздерін тазарту;
      3) ғимараттарды бояу және жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу, қоршаулар, кіру есіктерін, қылтима экрандары мен су ағынының құбырлары, шағын сәулет пішіні, әйнектерді жуу, өндірістік және әкімшілік ғимараттарының сөрелері мен әйнектері, көгалдар мен көк шөптерді күту, уақытылы арам шөптерді жұлу;
      4) төсеме бойынша топырақ қазып алу, жер асты ғимараттарын жөндеу және қайта құру, құрылыс кезінде нөлдік топтама жасау, белгіленген тәртіппен құжаттарды ресімдеу;
      5) санитарлы-эпидемиологиялық іс шараларды қадағалау.
      14. Тұрғын аумақтарында, сонымен қатар жер учаскісі белгіленген жеке үй аймақтарында келесі тәртіптерді ұстану қажет:
      1) жаяу жүргін жолдарды, квартал ішілік кіреберістер мен жолдарды таза ұстау;
      2) шаруашылық және қосалқы құрылыс салынуына (гараждар және жобаның өзге де түрлері) жол бермеу;
      3) аумақты құрылыстық материалдарымен, ауылшаруашылық жануарларға арналған қатты жемшөппен (шөп, сабан), қатты отынмен (көмір) қоршауға жол бермеу;
      4) шағын сәулет пішінін, шаруашылық, ойын, спорттық, балалардың алаңын жабдықтау, қоршау және шағын қоршау, олардың сыртқы түрін сақтау.
      15. Ауладағы көгалдар мен квартал ішілік аумақтарға, балалар алаңдарына, жаяу жүргін жолдарға қызметтік және жеке автокөліктік бекетке жол берілмейді.
      16. Стационарлық дәретханалары жоқ қоғамдық тамақтану кәспорындарында, ашық алаңдарда, шашлық киоскілерінде, сату павильондарында келушілер мен қызметкерлерге арналған ауыстырмалы және қоғамдық дәретханалар орнату міндетті шарт болып табылады.
      17. Базарлардың жұмыс уақыты жергілікті атқарушы органдардың шешімімен белгіленеді. Аптаның бір күні базардың, негізгі және қосалқы үй-жайлардың, сауда орындарының, үстелдердің барлық аумағын қоқыстан жинау және зарарсыздандыру үшін санитариялық күн деп жарияланады.

5. Сыртқы абаттандыру элементтерін ұстау

      18. Белгіленген тәртіпке сәйкес орамдар, көгалдық қоршаулар орнату, сауда палаткалары, павильон құрылыстары жобаның келісімімен жүргізіледі.
      19. Құрылыс алаңы және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген алаң жұмыс мерзімі аяқталғанға дейін қоршаулар орнатылады. Кіреберістер, көлік шығарда көшелерді ластамау үшін қолайлы орналасуы керек.
      20. Дүкендердің, сауда ғимараттарының иелері урналар орнатылады. Урналардың жағдайы дұрыс және ұқыпты болуын қамтамасыз ету, жұмасына бір рет боялып, зарарсыздандырылуы керек.
      21. Ұйым басшылары канализацияның, су құбырының және басқа да ұңғымалардың қақпақтары үнемі жабылуын қадағалап, инженерлік желілердің қаралуын қадағалау.
      22. Қатты отынмен (көмірмен) жұмыс істейтін қазандық иелеріне жер учаскесінен шлактың шығарылуын және үнемі тазартылуын қамтамасыз ету қажет, өртке қарсы сақтық жағдайларының бұзылмауын қамтамасыз ету.

6. Жасыл көшеттерді күтіп ұстау және қорғау

      Жасыл көшеттер бүкіл халықтың игілігі, маңызды шипалы фактор және байлығы болып табылады.
      23. Жасыл көшеттерді сақтау және қорғау иелеріне, жер пайдаланушыларға, заңды және жеке тұлғаларға жүктеледі.
      24. Құрылыс маңындағы жасыл көшеттерді қазып алу немесе қайта отырғызу, инженерлік желілер мен жер асты коммуникация төсемесі, жасыл көшеттерді кесіп тастауға және тамырын шабуға рұқсат етіледі.
      25. Жұмыс жасау кезінде қажет:
      1) жасыл көшеттерді зақымданудан қоршау;
      2) жолдарды асфальттау кезінде, жол жиектерінен, 1 метр диаметрінде шұңқыр қалдыру.
      26. Заңды және жеке тұлғалар бекітілген аумақта жасыл көшеттердің сақталуын қамтамасыз ету үшін агротехникалық іс-шаралар өткізулері керек, дәлірек:
      1) қоқыстарды тазалау, көгалдарды тырмамен тазалау, құрғақ жапырақтарды жинау, арамшөптерді отау, көшеттерді орау;
      2) ағаштардың түптерін қопсыту, ағаштарда әктеу;
      3) жасыл көшеттерді, көгалдарды, гүлдерді суару;
      4) сынған бұталарды, құрғақ жапырақтарды, ағаш басын жабу;
      5) (қызметкерлерден кеңес алу арқылы) көшеттерді, жасыл көшеттерді жасарту;
      6) (комиссия актісі бойынша) ауру және құрғақ ағаштарды жою;
      7) жасыл қордың ағаштары мен бұталарын жөндеп отырғызу;
      8) өз күшімен немесе арнайы мамандандырылған ұйымдардың келісімімен ауылшаруашылық зиянкестері және аурулармен күресті жүйелі түрде жүргізу.
      27. Жасыл көшеттер аумағында:
      1) құрылыс заттарын, жерді, отынды, көмір және т.б. заттарды қоюға;
      2) көгалдарды, гүлбақтарды, ұңғыма шұңқырларды бүлдіруге;
      3) көгалдармен жүру, ағаштарды, бұталарды сындыру, кесу, басқа да механикалық зақым келтіруге;
      4) өздігінен ағаштар мен бұталарды кесуге;
      5) қоршау жасауға, гүлдерді қазуға және көпжылғы гүлдердің түйіндері мен пияздықтарын қазып алуға;
      6) көгалдар мен гүлзарларда көліктерді қоюға;
      7) ағаштарға сымды, тікенек сымды, әткеншекті, жіптерді, жарнама парақтарын ілдіруге;
      8) мал, құс бағуға, итпен қыдыруға;
      9) көгалдар мен гүлзарларда цементті ерітінді немесе бетон дайындауға;
      10) бақшалар мен бақтарда жапырақ өртеуге;
      11) көгалдарда, бақшаларда және т.б. көк отырғызылған жерлерде көліктерді қалдыруға рұқсат етілмейді.

7. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      28. Елді мекен аумағында:
      1) ағаштарды, жапырақтарды аралауға, қалдықтарды өндіруге, тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын лақтыруға;
      2) қоқысты жағуға, жеке үйлердің және кәсіпорын аумағында от салуға;
      3) кәсіпорын өндірісінің суларды және жеке ағынды су секторын, су қоймаларынды және жыраларды тазартуға;
      4) жалпы қолданбалы аумақта немесе тұрғын үй кварталында көлікті су құдықтарында, ағынды суларда, көп адамдардың демалыс алатын жерлерде, тұрғын үй кіреберістерінде жөндеуге немесе жууға;
      5) қоқыстарды, құрылыс материалдарын, кесілген ағаштарды, топырақты тасымалдауға, жолдарды ластайтын сонымен қатар арнайы автомобильдердің люктерінің ашық күйінде қозғалуына, қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға;
      6) көшеттерге, тротуарларға, балалар алаңына, гүлзарларға, әртүрлі объектілерді орнатуға;
      7) көшелерге, алаңдарға және жалпы қолданыстағы орындарға жануарлармен серуендеуге;
      8) ашық аумақтарға жануарлардан қалған қалдықтарды және басқа да қалдықтарды шығаруға;
      9) аудандағы жергілікті атқарушы органдардың маңына ақпараттар ілуге, хабарландырулар, жарнамалар, үгіт насихат стендтер және т.б. ілуге.Осы объектілердің ілінуі тек жеке меншік иелеріне ған рұқсат етіледі;
      10) баспасөздік үгіттеу материалдарын шашуға рұқсат етілмейді.

8. Есіл ауданының елді мекендеріндегі аумақтарды абаттандыру, жасыл көшеттерді және инфрақұрылым нысаналарын ұстау жай-күйін бақылау бойынша уәкілетті және мемлекеттік органдардың міндеттері

      29. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ереженің орындалуын бақылау қоршаған ортаны қорғау, ішкі істер, сәулет-құрылыс, өртке қарсы және санитарлық бақылау органдарымен өз қызмет бабымен жүзеге асырылады.
      30. Функционалдық міндеттерге сәйкес ауданды көгалдандыру жағдайын жалпы бақылау, комиссиялық бақылаудың жүргізу және зерттеу, мемлекеттік бақылау-қадағалау уәкілетті органы жүргізеді.

9. Заңды және жеке тұлғалардың Ережені бұзушылығы туралы жауапкершіліктері

      31. Осы Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамаларына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік заңбұзушылық туралы» Кодексімен жауапқа тартылады.
      32. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамаларына сәйкес, заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікпен қолданған шара, жіберілген қателіктерді жоюдан және материалдық шығынның орнын толтыру жауапкершілігінен босатылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады