Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған ер азаматтарын Есіл ауданының аумағында 2012 жылдың қаңтар-наурызында шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы N 26 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 желтоқсанда N 13-6-181 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі N 02.04.01-35/555 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02.04.01-35/555 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған, тіркеу жылында он жеті жасқа толатын және бұрын тіркеуден өтпеген шақырылу жастағы ересек ер азаматтарын Есіл ауданының аумағында 2012 жылдың қаңтар-наурызында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтарын Есіл ауданының аумағында 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейін шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» аудан әкімінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 18 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуі тізілімінде 2010 жылғы 08 желтоқсанда № 13-6-153 тіркелген және аудандық «Ишим» газетінде 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 54 (8516) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ.Едіресовке жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       А. Бегманов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік              Сүлейменов
      мекемесінің бастығы                      Сағындық Әбдірахманұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады