Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2010 жылға қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы N 8 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 ақпанда N 13-7-120 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 22 мамырдағы N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2010 жылға қосымша тізбесі берілген қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулыны бақылау "Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік мекемесінің бастығына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Ыбыраев

Әкімдіктің қаулысына
2010 жылғы 13 қаңтардағы
№ 8 қаулысына қосымша

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2010 жылға қосымша тізімі

      1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2. 50 жастан жоғары жұмыссыз тұлғалар;
      3. Жоғары оқу орындары, колледждер мен кәсіби лицей түлектері;
      4. (Бір жылдан артық) ұзақ мерзімді жұмыс істемейтін тұлғалар;
      5. Ұйым штатының немесе санының қысқаруына байланысты босатылған тұлғалар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады