2010 жылдың сәуір-маусымы және қазан-желтоқсанында аудан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 78 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 мамырда N 13-7-126 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 22 мамырдағы N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабы 3-тармағына, 20-бабы 1-тармағына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығының және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 Қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ, сондай-ақ қатар оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери кызмет мерзімін өтемеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің Ішкі әскеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық Гвардиясына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігіне аудан аумағында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және өткізілуі қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды жүргізу үшін аудандық шақыру комиссиясы, аудандық шақырту комиссиясының резервтегі құрамы 1-ші қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл аудандық орталық емханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша):
      шақырушыларды және әскери оқу мекемелеріне түсетін кандидаттарды медициналық куәландыру үшін мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар маман дәрігер және қажетті көлемде орта медициналық персоналдар бөлінсін;
      әскерге шақырушыларды стационарлық тексеру үшін аудандық ауруханадан орын бөлу қарастырылсын;
      шақыру комиссиясы қажетті медициналық жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз етілсін.
      4. «Жамбыл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыртуды жургізуге бөлінген қаржының шегінде уақытында бөлуді қамтамасыз етсін.
      5. Селолық округтердің әкімдері шақырылушылардың шақыру қағаздарында көрсетілген мерзімінде шақыру комиссиясына және облыстық жинау пункітіне келуін қамтамасыз етсін.
      6. «Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
      шақыруды өткізу кестесі әзірленсін және бекітуге ұсынылсын;
      2-ші қосымшаға сәйкес мерзімді әсери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қызметшілерді жұмысқа тартсын;
      шақыру аяқталғаннан соң шақырудың қорытындысы жөніндегі ақпарат аудан әкіміне ұсынылсын.
      7. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ қызмет көрсететін персоналдың міндетін атқару мерзімінде жұмыс орны, қызметі және еңбекақысы сақталады.
      8. Аудан әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қ. Сарбасовқа жүктелсін.
      9. Аудан әкімдігінің қаулысы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Ыбыраев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Жамбыл ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М. Асқаров
      2010 ж.22.04.

      «Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А. Құтышев
      2010 ж. 22.04.

      «Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау Министрлігі Солтүстік
      Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл
      аудандық ауруханасы» коммуналдық
      мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының
      бас дәрігері                               А. Мүсетаев
      2010 ж. 22.04.

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
22 сәуірдегі № 78 қаулысына
1-қосымша

Аудандық шақырту комиссиясының құрамы

Асқаров
Мұрат Мәнәпұлы

- «Жамбыл ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасы;

Сарбасов
Алғиса Қазманұлы

- аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Мұхаметжанов
Нұрлан Түлкібайұлы

- «Жамбыл ауданының ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
бастығының қызмет жөніндегі
орынбасары;

Смоляков
Александр Викторович

- «Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің Жамбыл аудандық
орталық ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
бас дәрігерінің алғашқы
медициналық-санитарлық көмегі
бойынша орынбасары, медициналық
комиссияның төрағасы;

Нұртазина
Гүлнәр Баймолдақызы

- «Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің Жамбыл аудандық
орталық ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының медбибісі, комиссия
хатшысы.

Аудандық комиссиясының резервтік құрамы

Кәрімов Марат
Рафаилович

- «Жамбыл ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің әскери
қызметкерлерді келісім шарт
бойынша және әскер қатарына
шақыру бөлімшесінің бастығы,
комиссия төрағасы;

Мәкенов
Зейнолла Бекетұлы

- аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Сұлтангазиев
Арыстан Тілегенұлы

- «Жамбыл ауданының ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
бастығының кадрлар жұмысы
жөніндегі орынбасары;

Житенко
Людмила Васильевна

- «Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің Жамбыл аудандық
орталық ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынның терапевт-дәрігері,
медициналық комиссияның төрайымы

Фурс
Светлана Сергеевна

- «Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің Жамбыл аудандық
орталық ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының медбибісі, комиссия
хатшысы

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
22 сәуірдегі № 78 қаулысына
2-қосымша

2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімдік әскери қызметке шақыртуды қамтамасыз ету үшін жұмысқа тартылатын техникалық қызметшілердің ТІЗІМІ

Р.№

Атаулары

Адамдар саны

Кәсіпорындардың
атаулары

1.

Техникалық
қызметшілер

2

Еңбек рыногы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады