Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылының көшесін және қиылысын қайта атау туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селолық округі әкімінің 2010 жылғы 4 мамырдағы N 17 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 маусымда N 13-7-131 тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селолық","селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімінің 12.11.2018 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес және Пресновка ауылы тұрғындарының пікірін есепке ала отыра ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылының Логовая көшесі Виктор Михайлович Довженко көшесі болып қайта аталсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылының Восточный қиылысы Кирилл Евгеньевич Мосякин қиылысы болып қайта аталсын.

      3. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округтің әкімі Ж.Дүйсенбин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады