Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Преснов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селолық округі әкімінің 2010 жылғы 4 мамырдағы №17 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосының көшесін және қиылысын қайта атау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-7-131 болып тіркелді, 2010 жылдың 4 маусымында "Ауыл арайы" аудандық газетінде және 2010 жылдың 4 маусымында "Сельская новь" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Преснов ауылдық округінің әкімі |
Е. Мұхамеджанов |