2010 жылы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 шілдедегі N 25/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 қыркүйекте N 13-7-134 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 сәуірдегі N 03-31/43 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 03.04.2013 N 03-31/43 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңыңың 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңыңың 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. 2010 жылы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына өтініш берген сәтіне жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомасында көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. 2010 жылы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау маманмен мәлімделген сомада бюджеттік кредит түрінде, бірақ өтініш берген сәтте алты жүз отыз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болып берілсін.
      3. Селолық аумақтарды дамыту бойынша өкілетті орган ретінде аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне осы шешімнің орындалуы жөнінде шаралар қолдансын (келісім бойынша).
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс ХXV сессиясының               хатшысы
      төрағасы
      Е. Байғаскин                               Б. Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады