Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің 25.06.2018 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес және халық пікірін ескере отырып ауылдық округтің әкімі ШЕШТІ:
1. Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округтің әкімі | Е. Қалиақпаров |
Алабота ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 12 шешіміне қосымша |
Тайынша ауданы Алабота акуылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы
Золоторунное ауылы
1) Қырау қамыс бірінші көшесі
2) Жастар екінші көшесі
Сүгірбай ауылы
1) Абай бірінші көшесі
Талдыкөл ауылы
1) Достық бірінші көшесі
Целинное ауылы
1) Школьная бірінші көшесі