«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес және халық пікірін ескере отырып селолық округтің әкімі ШЕШТІ:
1. Тайынша ауданы Краснокамен селолық округі Талап селосының құрамдық бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін:
бірінші көше – Достық
екінші көше – Мектеп
үшінші көше – Қазақстан.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Селолық округтің әкімі П. Грысюк