Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011.03.17 N 62 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабының 3-тармағы, 20-бабының 3-тармағы, 23-бабынның 1-тармағына, «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымда және қазан - желтоқсанда кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығымен, «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымда және қазан - желтоқсанда кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 Қаулысымен сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімінен өтпеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа да әскери ұйымдарына шақыруын өткізуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
2. Шақыру комиссия құрамы құрылсын:
комиссия төрағасы – Александр Николаевич Константинов, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекеме бастығы (келісім бойынша);
комиссия төрағасының орынбасары – Алма Ахметбекқызы Шаяхметова, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекеме бастығы;
комиссия мүшелері:
Анарбек Хафизұлы Байғұдинов, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекеме бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Айман Қажытайқызы Мұстафина, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министірлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Тимирязев орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның дәрігері, дәрігерлік қызметшілердің жұмысын басқаратын басшы, дәрігерлік комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Сара Шабданқызы Қалкенова, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министірлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Тимирязев орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Комиссия төрағасының орынбасары орынды себептерімен болмаған кезінде «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Қаншайым Ишханқызы Наурызбаеваны шақыру комиссия құрамына енгізуіне рұқсат етілсін.
Әскери оқу орындарына түсетін үміткерлер мен шақыруға жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін шақыру комиссиясы құрамында дәрігерлік комиссия құрылсын, онда дәрігерлер-мамандары енгізілсін (келісім бойынша): терапевт, фтизиатр, психиатр, отоларинголог, невропатолог, тіс дәрігері, дерматовенеролог, хирург, рентгенолог, көз дәрігері.
3. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министірлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Тимирязев орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның бас дәрігері Сәбира Науқанқызы Даироваға ұсынылсын (келісім бойынша):
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен келiсілген кесте бойынша, шақырушылардың амбулаторлық және диспансерлiк карталарын, қажеттi анализдер тапсыруы өткiзiліп медициналық есепте тұратын шақырылушылар тiзiмi ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұратуы бойынша шақыру комиссияға берiлсiн;
2) шақырылушыларды медициналық куәландыру жөнiндегi жұмысы бойынша тәжiрибесi бар төрт медбике комиссия жұмысы үшін жіберілсін.
4. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық жұмысшылары мен қызмет етудегі персоналдың негізгі жұмыс істеу ұйымдарының басшыларына осы міндеттерді орындау кезінде олардың жұмыс және лауазымдық орындары мен жалақыларын сақтауы қамтамасыз етілсін.
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне әскери қызметке азаматтарды шақыру өткізуіне арналған қаражатты дер кезінде бөліп «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» 122-005-000 бюджет бағдарламасы бойынша қамтамасыз ету.
6. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне күші бар заңға сәйкес шақыруды өткізу уақытқа еңбекақы төлеуімен екі адам санында техникалық қызметкерлермен жеке еңбекті шарттар бекітілсін, сонымен қатар автомобильдік көлік жалға алуға қаражат бөліп қамсыздандырсын.
7. Селолық округ әкімдеріне шақыру комиссияға алыс жерде тұрушы әскер қатарына шақырылғандарды, тұрақты орнынан шақыру пунктіне дейін және тұрақты орнына дейін кері жауапты бірге жүруші тұлғамен жеткізуін қамтамсыз ету.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік сұрақтар жөніндегі аудан әкімінің орынбасары Л.В. Ганжаға, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекеме бастығы А.Н. Константиновқа жүктелсін (келісім бойынша).
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Қасенов
«КЕЛІСІЛДІ»:
Александр Николаевич Константинов -
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекеме
бастығы
2010 жылғы 19 сәуір
Сәбира Науқанқызы Даирова -
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев орталық аудандық
ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның
бас дәрігері
2010 жылғы 19 сәуір
Самат Сәлімұлы Сахатов –
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданының ішкі істер бөлімі»
Мемлекеттік мекеме бастығы
2010 жылғы 19 сәуір