Аудан аймағында 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 103 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 мамырда N 13-13-122 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі N 02.12.06-09/233 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02.12.06-09/233 хаты)

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 13-тармақтарына, 21-бабының 1-тармағына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір–маусым және қазан–желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір–маусым және қазан–желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 Қаулысына сәйкес, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 30 маусымдағы № 623 Қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір–маусым және қазан–желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға мерзімді әскери шақырылуы ұйымдастырылсын. Әскери қызметіне шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары әскери бөлімдеріне 18 жасына толғаннан кейін жіберілуі ұйымдастырылсын.
      2. Осы қаулының қосымшаға сәйкес әскери шақырушыларды және әскери оқу орындарға түсетіндерге медициналық комиссиясын өткізу үшін аудандық шақыру комиссия құрамы бекітілсін.
      3. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кезекшілік үшін техникалық жарамды автокөлік бөлінсін.
      4. Әскерге шақыру учаскесінде жұмысқа қатынасу үшін қажетті техникалық жұмыскерлердің қажетті саны бөлінсін.
      5. Ауылдық және селолық округтерінің әкімдері азаматтардың «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне уақытында келуіне, оларды мерзімді әскери қызметке жөнелтуін «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру қағаздарында көрсетілген мерзімде қамтамасыз етсін.
      6. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Уәлиханов аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (Иманов Т.Т.) мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде:
      1) дәрігер мамандар және кіші медперсоналды медициналық куәландыру өткізу үшін қамтамасыз етсін;
      2) дәрігерлік комиссия өтетін уақытта флюорография қондырғысы жұмысқа қамтамасыз етілсін;
      3) шақыру комиссиясы құжаттары бойынша жіберген азаматтарға дәрігерлік куәландыру үшін ауруханада орын белгіленсін.
      7. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Жомартов И.Қ.):
      1) азаматтарды шақыруын өткізетін мерзімде «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен өзара келісім бойынша шақыру учаскесінде тәртіп сақталуын ұйымдастырсын;
      2) шақыру учаскесіне азаматтардың келуін бақылау жасасын;
      3) жиналатын орынға және облыстық жиналатын пунктте әскерге шақырылған командаларды жіберетін кезде «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген жасақшы бөлінуі тапсырылсын;
      4) мерзімді әскери қызметтен бас тартқан шақырушыларды іздеп және шақыру учаскесіне жеткізуді қамтамасыз етсін.
      8. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Көрпебаева К.Б.) әскерге шақыруды 2010 жылғы аудандық бюджетте көзделген көлемде қаржыландыру қамтамасыз етілсін.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р. Ахметоваға жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Уәхитов

      Келісілді:

      «Қазақстан Республикасы денсаулық
      сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан
      облысының әкімдігі Уәлиханов аудандық
      орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері        Т.Т. Иманов
      2010 ж.19.04.

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов аудандық ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            И.Қ. Жомартов
      2010 ж.19.04.

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов ауданының қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            К.Б. Көрпебаева
      2010 ж.19.04.

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Қ.Ж. Омаров
      2010 ж.19.04.

«Бекітілген»
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2010 ж. 19 сәуір
№ 103 қаулысына
қосымша

Әскери шақырушыларды және әскери оқу орындарға түсетіндерге медициналық өткізу жөніндегі аудандық комиссияның ҚҰРАМЫ

      Омаров                    - шақыру комиссияның төрағасы,
      Қанат Жанабайұлы          «Солтүстік Қазақстан облысы
                                Уәлиханов ауданының қорғаныс істері
                                жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
                                мекемесінің бастығы

      Ахметова                  - шақыру комиссия төрағасының
      Бағдагүл Рамазанқызы      орынбасары, Солтүстік Қазақстан
                                облысының Уәлиханов ауданы әкімінің
                                орынбасары

      Комиссия мүшелері:

      Сыздыков                  - «Солтүстік Қазақстан облысы
      Шоқан Сапарханұлы         Уәлиханов аудандық ішкі істер
                                бөлімі» мемлекеттік мекемесі
                                бастығының орынбасары

      Хасенова                  - «Қазақстан Республикасы денсаулық
      Алма Ешімқызы             сақтау министрлігі Солтүстік
                                Қазақстан облысының әкімдігі
                                Уәлиханов аудандық орталық
                                ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
                                қазыналық кәсіпорнының бас
                                дәрігерінің орынбасары, медициналық
                                комиссиясының төрайымы

      Сейтуарова                - шақыру комиссиясының хатшысы,
      Гүлмира Болатбекқызы      «Қазақстан Республикасы денсаулық
                                сақтау министрлігі Солтүстік
                                Қазақстан облысының әкімдігі
                                Уәлиханов аудандық орталық
                                ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
                                қазыналық кәсіпорнының функционалдық
                                диагностика кабинетінің медбикесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады