Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 06.08.2013 N 12-14с шешімімен.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына және 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың «Уәлиханов ауданының жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 2-21с шешімінің (2010 жылғы 29 сәуірдегі № 13-13-121 мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген және 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 21 «Шұғыла» және «Ел тынысы» газеттерінде жарияланған) 3-ші тармағы бесінші және алтыншы тармақшаларымен толықтырылсын:
«5) барлық топтағы мүгедектер;
6) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерлігі үшін медальдарымен марапатталған тыл еңбек иелеріне.»
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |