2011 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 9-25с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 қаңтарда N 13-13-134 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы N 02-03-03/237 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 2012.12.10 N 02-03-03/237 хаты)

      2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 8-тармағына және 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 2-тармағына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Уәлиханов ауданының елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін, маман өтінішінде көрсетілген, өтініш берген сәтінде, бірақ 1500 (бір мың бес жүз) еселік айлық есеп көрсеткішінен аспайтын бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2011.08.18 N 6-32с Шешімімен
      2. Уәлиханов ауданының елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына, өтініш берген сәтінде 70 (жетпіс) еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы берілсін.
      3. «Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде, осы шешімнің жүзеге асырылуына шаралар қолдансын (келісім бойынша).
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы                         Аудандық мәслихаттың
                                                 хатшысы
      О. Жүнісов                                 Ә. Бейсенбаев

      КЕЛІСІЛГЕН:
      «Уәлиханов ауданының
      ауыл шаруашылығы және
      ветеринария бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н. Иманов

      «Уәлиханов ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ж. Ғабдуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады