Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 30.03.2018 № 23/5 (бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99–IV Кодексінің 422-бабы 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Шал ақын ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге тіркелген салықтың бірыңғай төлемақылары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан күннен күнтізбелік он күн өткен соң іске енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
XХV сессиясының төрағасы | хатшысы |
Т. Охоба | Н. Дятлов |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының Қаржы
Министрлігі Салық комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Салық Департаментінің "Шал ақын
ауданы Бойынша салық басқармасы"
Мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е.С. Әбдуәлиев
2010 жылғы 29 сәуір
Шал ақын ауданы мәслихатының 2010 жылғы 29 сәуірдегі XXV сессиясының № 25/4 шешіміне қосымша |
Шал ақын ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге тіркелген салықтың бірыңғай төлемақысы (айына салық салу бірлігіне)
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2011.12.21 N 44/3 Шешімімен
№ | Кәсіпкерлік қызметтің түрі |
Бекітілген салықтың |
1 |
Бір ойыншымен ойын | 1 |
2 |
Біреуден артық | 1 |
3 |
Ойын өткізу үшін | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 5 |