Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 23/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 4641 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Шал ақын ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге тіркелген салықтың бірыңғай төлемақыларын бекіту туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 25/4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-102 болып тіркелді, 2010 жылғы 11 маусымда аудандық "Парыз" газетінде, 2010 жылғы 11 маусымда аудандық "Новатор" газетінде жарияланды);

      2) "Шал ақын ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге тіркелген салықтың бірыңғай төлемақыларын бекіту туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 25/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 44/3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-146 болып тіркелді, 2012 жылғы 17 ақпанда аудандық "Парыз" газетінде, 2012 жылғы 17 ақпанда аудандық "Новатор" газетінде жарияланды).

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Шал ақын ауданы
      мәслихатының ХХIIІ
      сессиясының төрағасы Ы.Махметова
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Шал ақын ауданы
      мәслихатының хатшысы Ө. Әмрин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Қаржы Министрлігі

      Мемлекеттік кірістер комитетінің

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Мемлекеттік кірістер департаменті

      Шал ақын ауданы бойынша

      Мемлекеттік кірістер басқармасы"

      Республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________ С.Қ. Қалиақпаров

      2018 жылғы 30 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады