Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 30.03.2018 № 23/5 (бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Шал ақын ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге тіркелген салықтың бірыңғай төлемақыларын бекіту туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі Шал ақын ауданы мәслихатының № 25/4 шешіміне (2010 жылғы 1 маусымдағы 13-14-102 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, аудандық "Парыз" газетінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 24 және "Новатор" газетінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 24 сандарында жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
"Шал ақын ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге тіркелген салықтың бірыңғай төлемақысы (айына салық салу бірлігіне)" қосымшасы жаңа басылымда баяндалсын (қосымшаға сәйкес).
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
XLIV сессиясының төрағасы | хатшысы |
И. Меркер | Н. Дятлов |
"Келісілді" | |
Қазақстан Республикасының Қаржы | |
Министрлігі Салық комитетінің Солтүстік | |
Қазақстан облысы бойынша Салық | |
Департаментінің "Шал ақын ауданы | |
Бойынша салық басқармасы" | |
Мемлекеттік мекемесінің бастығы | Ш.С. Әлмырзин |
2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 44/3 Шал ақын ауданы мәслихатының XLIV сессиясының шешіміне қосымша 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 25/4 Шал ақын ауданы мәслихатының XХV сессиясының шешіміне қосымша |
Шал ақын ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге тіркелген салықтың бірыңғай төлемақысы (айына салық салу бірлігіне)
№ | Кәсіпкерлік қызметтің түрі |
Бекітілген салықтың |
1 |
Бір ойыншымен ойын | 1 |
2 |
Біреуден артық | 1 |
3 |
Ойын өткізу үшін | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 5 |