Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімінің 2011.10.07 N 22 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 2-тармағына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:
1. 2011 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1994 жылғы, тізілімге алғанда 17 жасқа толатын және жастары үлкен, бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өткізілмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Әмрин