Ескерту. Шешiмнің қазақ тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сухорабовка ауылдық округі әкімінің 05.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ) шешімімен.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Сухорабовка ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
1. Шал ақын ауданы Сухорабовка ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
1) Сухорабовка ауылы бойынша:
бірінші көшеге – Школьная;
екінші көшеге – Рабочая;
үшінші көшеге – Набережная;
төртінші көшеге – Космонавтов;
бесінші көшеге – Наурыз;
алтыншы көшеге – Мира;
жетінші көшеге – Валерий Быковский атында.
2) Неждановка селосы бойынша;
бірінші көшеге – Абай Құнанбаев атында;
екінші көшеге – Мағжан Жұмабаев атында.
3) Ольгинка селосы бойынша:
бірінші көшеге –Береговая;
екінші көшеге – Полевая;
үшінші көшеге – Молодежная;
төртінші көшеге – Школьна;
бесінші көшеге - Центральная.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А. Марченко |