Ескерту. Шешiмнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Юбилейный селолық округі әкімінің 03.02.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Юбилейный ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Шал ақын ауданы Юбилейный ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
1) Крещенка ауылы бойынша:
Бірінші көшеге – Новая,
Екінші көшеге – Степная,
Үшінші көшеге – Школьная,
Төртінші көшеге – Береговая,
тұйық көшелерге солтүстіктен оңтүстікке қарай келесі атаулар берілсін:
Бірінші тұйық көше – Александр Гельман атындағы,
Екінші тұйық көше – Антон Энгель атындағы,
Үшінші тұйық көше – Василий Горбенко атындағы,
Төртінші тұйық көше – Қыдыр Ескендіров атындағы,
Бесінші тұйық көше – Ардагерлер.
2) Белоградовка селосы бойынша:
бірінші көшеге – Школьная;
екінші көшеге – Западная.
3) Куприяновка селосы бойынша:
бірінші көшеге – Степная
екінші көшеге – Новая;
үшінші көшеге – Солнечная.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Юбилейный селолық округі әкімінің 2012.06.22 N 2 шешімі (ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде іске енгізілсін)2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А. Ғабдулин |