Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2012.07.09 № 212 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына және Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 4 "Атырау облысының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімиятының 2009 жылғы 26 мамырдағы № 137 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2548 тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымдағы "Атырау" газетінің № 68 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2 тармақта:
5) тармақшада "15 000" деген цифрлар "20 000" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Әбдіровке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы Б. Дәукенов