Облыстық мәслихаттың ХVІІ сессиясының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-ІV "Облыстың (қаланың, ауданның) "Құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 3 желтоқсандағы N 381-IV шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2010 жылғы 22 желтоқсанда N 2578 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 12-2 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына, облыс әкімдігінің 2010 жылғы 1 желтоқсандағы № 313 "Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 125 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесі туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы қаулысын қарап, ІV шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХV сессиясында ШЕШТІ:
      1. Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-ІV "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 рет санымен тіркелген, 2009 жылы 1 желтоқсанда "Атырау" газетінде № 143 жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 2-1, 11-1, тармақтарымен толықтырылсын;
      "2-1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы қайтыс болғаннан кейін де берілуі мүмкін";
      11-1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы қайтыс болғаннан кейін берілген жағдайда, оларды беру туралы құжаттар отбасына естелік ретінде сақтауға қалдырылады";
      17 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "17. Облыстың, (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағына ие болған тұлға, сондай-ақ, қайтыс болғаннан кейін берілген тұлғалардың отбасылары куәлік пен төсбелгінің сақталуын қамтамасыз етуі ұсынылсын".
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
      ХХV сессиясының төрағасы                     М. Қалиев

      Облыстық мәслихат хатшысы                    Ж. Дүйсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады