1994 жылы туған Атырау облысының азаматтарын 2011 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы N 42 шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2010 жылғы 28 желтоқсанда N 2579 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 29-бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 1617 және 44-баптарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын басшылыққа  алып ШЕШЕМІН:
      1. Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне (бұдан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі департаменті) (келісім бойынша) 2011 жылдың қаңтар-наурыз айлары ішінде Атырау облысының 1994 жылы туған, сондай-ақ, бұрын тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды Атырау қаласы және облыс аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырып, жүргізу ұсынылсын.
      2. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері:
      1) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу үшін тіркеу комиссияларын құрсын;
      2) Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – қорғаныс істері жөніндегі басқарма) және Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерінің (бұдан әрі – қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдері) жоспарларына сәйкес азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;
      3) Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, қорғаныс істері жөніндегі басқарма және қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдердің өтінімдері бойынша шақыру учаскелеріне арналған орын-жаймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, жабдықтармен, қажетті мөлшерде медициналық және техникалық қызметкерлермен, автомобиль көлігімен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін.
      Шақыру учаскелеріне азаматтарды тіркеуді өткізу жөніндегі іс-шараларды орындаумен байланысты шығындарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырсын.
      4) 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу қорытындыларын 2011 жылғы 7 сәуірге дейін Атырау қаласы мен аудандар әкімдіктерінің мәжілістерінде қарасын.
      3. Атырау облысы Ішкі істер департаментіне (келісім бойынша) тіркеу кезеңінде шақыру учаскелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді, белгіленген мерзімде шақыру учаскелеріне келмеген тұлғаларды іздестіруді және қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерге жеткізу ұсынылсын.
      4. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы:
      1) Атырау қаласы мен аудандардың тіркеу жөніндегі медициналық комиссияларын жергілікті емдеу мекемелерінің тиісті дайындығы және  әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесі бар тәжірибелі дәрігерлермен жиынтықтауды бақылауға алсын;
      2) қажеттілігіне қарай қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдердің өтінімдеріне сәйкес облыстық емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын аудандарға жіберсін;
      3) тіркеу барысында анықталған сырқат азаматтармен емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырсын, емдеу мекемелерінде қажетті орын санын бөлсін, сырқат шақырушыларды есепке алу бойынша жұмысты және емдеу мекемелерінің жасөспірімдер кабинеттерінде олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Аманғалиевқа жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                          Б. Рысқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады