Ескерту. Атырау қалалық мәслихатының 2011.08.18 № 300 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс атқаратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсету мөлшері 5000 (бес мың) теңге көлемінде жыл сайынғы бір жолғы әлеуметтік көмек бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Атырау қалалық Мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.
XVI сессия төрағасы А. Пастухов
Қалалық Мәслихат хатшысы Б. Қазиманов