Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты азаматтардың кейбір санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Жаңа

Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 335 қаулысы. Атырау қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 мамырда N 4-1-118 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 және 37 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес, Атырау қалалық Мәслихатының 2010 жылғы 3 ақпандағы № 168 "Қалалық Мәслихаттың 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Атырау қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда № 4-1-111 болып мемлекеттік тіркеуден өткен) негізінде, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Р. Оралова):
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 100 000 (жүз мың) теңге;
      2) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы әлеуметтік көмек ретінде 85 000 (сексен бес мың) теңге;
      3) Ұлы Отан соғысы кезінде ерікті жалдама құрамының адамдарына 45 000 (қырық бес мың) теңге;
      4) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлердің қайталап некеге отырмаған зайыбы, ата-аналарына, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне) және соларға теңестірілген мүгедектерге 15 000 (он бес мың) теңге;
      5) соғыс уақытында қызмет жасаған тыл еңбеккерлеріне 10 000 (он мың) теңге көлемінде қаржы төлеуді қамтамасыз етсін.
      2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қаржылай әлеуметтік төлемдерді алушылардың есеп шоттарына аударсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 292 "Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты азаматтардың кейбір санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" және 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 293 "Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу және төлеу туралы" қаулылары жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиевқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                       М. Исмұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады