Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасын және 37-бабын басшылыққа алып, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
1) халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жекелеген топтарына жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемдер төленуін қамтамасыз етсін;
2) халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жекелеген топтардың өтініш-арыздары бойынша олардың тұрмыстық жағдайын, табысын, отбасы құрамын және жеке отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуын ескере отырып, жасақтаған зерделеу актілері негізінде біржолғы атаулы көмек көрсету шараларының іске асырылуын қамтамасыз етсін.
2. Осы мақсаттағы әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру сәйкесті жылда қаралған жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүргізілсін.
3. Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 210 "Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына біржолғы атаулы көмек көрсету Тәртібі туралы" қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиевқа жүктелсін.
Қала әкімінің міндетін атқарушы Ә. Нұрлығожиев