Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2011.04.11 N 508 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 8 тармақшасын және 37 бабын басшылыққа алып, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабы 3 тармағына және 23 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысын жүзеге асыру мақсатында, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі қалалық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін (қосымша 1).
2. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (А. Жақияев, келісім бойынша) 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығындағы шақыру күніне дейін жасы 18-ге толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру ұсынылсын.
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына (М. Өтепқалиев, келісім бойынша):
1) шақыруды ұйымдастыру кезеңінде медициналық комиссия қызметіне қатыстырылатын дәрігерлерді, орта медициналық қызметкерлерді негізгі жұмыс орнын, қызметін және орташа айлық жалақысын сақтай отырып, іссапарға босату;
2) әскерге шақырылғандарды қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың жолдамасы бойынша қалалық емханаларда және жанұялық-дәрігерлік амбулаторияларда рентген-флюорографиялық тексеруден және басқа да зертханалық тексерулерден (дәрет пен қанды жалпы тексеру, жүректі электрокардиограммадан өткізу) өткізуді қамтамасыз ету;
3) шақыру кезеңінде науқасы анықталған, шақырылған және бұрын да емделіп жүрген әскер қатарына шақырушыларды тиімді емдеуді ұйымдастыру;
4) 2010 жылдың сәуір және қазан айларында қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға диспансерлік амбулаториялық карталарды (Ф-025У және Ф-025), көз ауруына, өкпе ауруына, жүйке-психика, тері-қан тамырлары және басқа да жұқпалы аурулар бойынша есепте тұрғандардың тізімін тапсыру ұсынылсын.
4. Облыстық емдеу-сауықтыру мекемелеріне, стоматологиялық емханаларға, психо-неврологиялық, тері-венерологиялық диспансерлерге әскерге шақырылғандарды қосымша тексеруден өткізуге және емдеуге қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың жолдамасымен келген күннен бастап қабылдау ұсынылсын (қосымша 2).
5. Атырау қаласы аумағындағы барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, оқу-орындарының, пәтер иелері кооперативтерінің басшыларына, қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға 2010 жылдың 20 мамырынан 30 маусымына және 1 қазанынан 30 желтоқсанына дейінгі аралықта жұмыс орнын, қызметін және орташа айлық жалақысын сақтай отырып, техникалық қызметкерлер бөлу ұсынылсын (қосымша 3).
6. 4 қосымшадағы тізімге сәйкес, Атырау қаласы аумағындағы мекемелер мен ұйымдардан әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыру шараларына қажетті автокөлікпен қамтамасыз ету сұралсын.
7. Қалалық ішкі істер басқармасына (А. Айжігітов, келісім бойынша):
1) азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармамен бірге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, шақыру комиссиясына белгіленген мерзімде келмегендерді жедел іздестіріп, қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға жеткізу, сондай-ақ әскерге шақырудан жалтаруға жол бермеу мәселелері бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
2) әскерге шақыру кезінде іздестіру тобының жұмысын атқаратын ішкі істер бөлімінің мүмкіндікке қарай 6 полиция қызметкерін кенттік, селолық округтер бойынша шықпаған азаматтарды іздестіру мақсатында кезекші көлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
8. Атырау қаласы аумағындағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің басшыларына:
1) осы жылдың сәуір-маусымына және қазан-желтоқсанына дейін қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға 1992-1993 жылы туған, жасы әскерге шақыруға жеткен жасөспірімдердің тізімін тапсыру;
2) әскерге шақырылғандарды шақыру комиссиясына және әскерге аттанушыларды жинау пунктіне ұйымшылдықпен және уақытында келуін қамтамасыз ету;
3) 2010 жылдың сәуір және қазан айларында шақырылуға жататын барлық азаматтарды іс сапарлардан, кезекті еңбек демалыстарынан шақыртып алу ұсынылсын.
9. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген әскерге шақырылғандарды іздестіруді қамтамасыз ету үшін төмендегідей құрамда іздестіру тобын құру ұсынылсын:
1) қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың өкілі;
2) қалалық ішкі істер басқармасының өкілі;
3) техникалық қызметкерлер (әскери міндеттілер қатарынан 3 адам).
10. Барлық кенттік және селолық округтер әкімдеріне өз округтері бойынша шақырылған азаматтарды шақыру учаскесіне келтіруді қамтамасыз ету жүктелсін.
11. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға:
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және облыстық жинақтау пунктіне жөнелту жөнінде шаралар өткізу;
2) шақыру комиссиясының ғимаратында шақырылғандар арасында тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды жүргізетін үгіттеу пунктін жабдықтау және оны көрнекі үгіт-насихат құралдарымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
12. Қалалық әкімдіктің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 886 "2009 жылдың қазан-желтоқсан айларында қала аумағындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы" қаулысының күші жойылсын.
13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
14. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиевқа жүктелсін.
Қала әкімі М. Исмұратов
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау мұнай-құбырлар
басқармасының бастығы С. Снхчян
"___" __________ 2010 ж.
"Атырау мұнай өңдеу зауыты"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бас директоры Т. Байтазиев
"___" __________ 2010 ж.
Атырау облыстық денсаулық
сақтау басқармасының бастығы М. Өтепқалиев
"___" __________ 2010 ж.
БК "Матин" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
бас директоры Қ. Құдабаев
"___" __________ 2010 ж.
Қалалық қорғаныс істері
жөніндегі басқарма бастығы А. Жақияев
"___" __________ 2010 ж.
Қалалық ішкі істер
басқармасының бастығы А. Айжігітов
"___" __________ 2010 ж.
"Қазақстан Темір жолы"
Ұлттық Компаниясы" акционерлік
қоғамы Атырау бөлімшесінің
директоры Б. Беркимбаев
"___" __________ 2010 ж.
"ТЭК АНПЗ-транс" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
бас директоры А. Сатыбалдиев
"___" __________ 2010 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
"УМИТ-АИС" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
директоры А. Семин
"___" __________ 2010 ж.
"Қазақтелеком" акционерлік
қоғамының Атырау облыстық
телекомуникация дирекциясының
директоры Е. Дүйсемалиев
"___" __________ 2010 ж.
"Казтранском" акционерлік
қоғамының директоры С. Кабдиев
"___" __________ 2010 ж.
"Аджип ККО" басқарма директоры У. Каррара
"___" __________ 2010 ж.
Қалалық әкімдіктің
2010 жылғы 19 сәуірдегі
қаулысына қосымша 1
Мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі
қалалық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Альберт Жүсіпұлы Жақияев - қалалық қорғаныс істері жөніндегі
басқарманың бастығы, комиссия төрағасы;
Бақыт Сайынұлы Иманғалиев - қала әкімінің орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары;
Қалжан Төлеуқызы Дүйсалиева - медбике, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Гүлнар Хасанғалиқызы - № 2 қалалық емхананың дәрігер-
Құлғалиева терапевті, шақыру кезеңіндегі қалалық
дәрігерлік комиссияның төрайымы
(келісім бойынша);
Жанболат Әділгерейұлы - қалалық ішкі істер басқармасы
Қайралапов бастығының орынбасары (келісім
бойынша)
Қалалық әкімдіктің
2010 жылғы 19 сәуірдегі
№ 323 қаулысына қосымша 2
Әскер қатарына шақырылушылардың стационарлық және
амбулаториялық медициналық тексеруден өтетін
емдеу-профилактикалық мекемелерінің ТІЗБЕСІ
1. Облыстық аурухана, диагностикалық-консультациялық орталығы
2. Облыстық біріккен туберкулез ауруханасы
3. Облыстық тері-венерологиялық диспансері
4. Облыстық психо-неврологиялық диспансері
5. Қалалық өкпе аурулар диспансері
6. № 1 қалалық аурухана
7. № 2 қалалық аурухана
8. № 1 қалалық емхана
9. № 2 қалалық емхана
10. № 3 қалалық емхана
11. № 4 қалалық емхана
Қалалық әкімдіктің
2010 жылғы 19 сәуірдегі
№ 323 қаулысына 3 қосымша
2010 жылдың 15 сәуірінен 30 маусымына және 1 қазанынан 30 желтоқсанына дейінгі аралықта техникалық қызметкерлерді бөлетін кәсіпорындар мен мекемелер ТІЗІМІ
1. БК "Матин" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 адам
2. Атырау мұнай-құбырлары басқармасы 1 адам
3. Атырау мұнай өңдеу зауыты 1 адам
4. "ТЭК-АНПЗ-транс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 адам
5. Атырау-Жол бөлімшесі 1 адам
6. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік 15 адам
бағдарламалар бөлімі
Қалалық әкімдіктің
2010 жылғы 19 сәуірдегі
№ 323 қаулысына 4 қосымша
Келісім бойынша Атырау қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманы қала аумағындағы әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыру шараларына қажетті автокөлікпен қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар тізімі
1. "Аджип ККО" басқармасы 3 көлік
2. "Атырау мұнай өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі 2 көлік серіктестігі
3. "Казтранском" акционерлік қоғамы 1 көлік
4. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Атырау облыстық телекомуникация дирекциясы 1 көлік
5. "УМИТ-АИС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 көлік