2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 508 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 сәуірде № 4-1-137 тіркелді. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 598 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2012.04.27 № 598 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 8 тармақшасын және 37 бабын басшылыққа алып, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабы 3 тармағына және 23 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында, қалалық әкімдік  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі қалалық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
      2. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығындағы шақыру күніне дейін жасы 18-ге толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру;
      2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және облыстық жинақтау пунктіне жөнелту жөнінде шаралар өткізу.
      3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) шақыруды ұйымдастыру кезеңінде медициналық комиссия қызметіне қатыстырылатын дәрігерлерді, орта медициналық қызметкерлерді жұмыс орнын, қызметін және айлық жалақысын сақтай отырып, іссапарға босату;
      2) әскерге шақырылғандарды қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың жолдамасы бойынша қалалық емханаларда және жанұялық-дәрігерлік амбулаторияларда рентген-флюорографиялық тексеруден және басқа да зертханалық тексерулерден (дәрет пен қанды жалпы тексеру, жүректі электрокардиограммадан өткізу) өткізуді қамтамасыз ету.
      4. Қалалық ішкі істер басқармасына (келісім бойынша):
      1) азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармамен бірге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, шақыру комиссиясына белгіленген мерзімде келмегендерді жедел іздестіріп, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға жеткізу, сондай-ақ әскерге шақырудан жалтаруға жол бермеу мәселелері бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
      2) мүмкіндікке қарай әскерге шақыру кезінде іздестіру тобының жұмысын атқаратын ішкі істер басқармасының 6 полиция қызметкерін бөліп, кенттік және селолық округтер бойынша шақыру пункттеріне келмеген азаматтарды іздестіру мақсатында кезекші көлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Барлық кенттік және селолық округтер әкімдеріне өз округтері бойынша шақырылған азаматтарды шақыру учаскесіне келтіруді қамтамасыз ету жүктелсін.
      6. Қалалық әкімдіктің 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 323 "2010 жылдың қазан-желтоқсан айларында қала аумағындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 25 мамырында № 4-1-121 болып тіркеліп, 2010 жылдың 5 маусымында № 61 (19135) облыстық "Атырау" газетінде жарияланған) күші жойылсын.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.Қарабаеваға жүктелсін.

      Қала әкімі                                 М. Исмұратов

Қалалық әкімдіктің  
2011 жылғы 11 сәуірдегі
№ 508 қаулысына қосымша

Мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі
қалалық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

Марат Бағытжанұлы Тукпаев - қалалық қорғаныс істері жөніндегі                                      басқарманың бастығы, комиссия төрағасы;

Айжан Сарсенқызы Қарабаева - қала әкімінің орынбасары, комиссия                                    төрағасының орынбасары

      Комиссия мүшелері:
Жанболат Әділгерейұлы Қайралапов - қалалық ішкі істер басқармасы
                            бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Гүлнәр Хасанғалиқызы Құлғалиева  - № 2 қалалық емхананың бас
                            дәрігері, шақыру кезеңіндегі қалалық
                            дәрігерлік комиссияның төрайымы (келісім
                            бойынша);

Қалжан Төлеуқызы Дүйсалиева - медбике, комиссия хатшысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады