2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 106 қаулысы. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 28 сәуірде N 4-3-142 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1 тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17, 44-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілерді және шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібінің Ережесі туралы" қаулысын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 1993 жылы туылған және түрлі себеппен жасы 18-ден асқан, бұрын әскери есепке тіркелмеген аудан территориясында тұратын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.
      2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі аудандық комиссия 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша):
      Селолық округ әкімі аппараттарының әскери есепке жауапты мамандарымен бірлесіп, тіркелуге тиісті 1993 жылы туылған азаматтардың тізімін анықтау, шақыру, хабарлау, тіркеуден өткізуді ұйымдастыру шарасын алу ұсынылсын.
      4. Аудандық емханаға (келісім бойынша):
      Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу үшін, медициналық дәрігер мамандармен, шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық байқау комиссиясына дейін азаматтардың қанының тобын, резус факторын, кеуде органдары (флюрографиялық зерттеу), электрокардиограмма, анализдерін анықтау жұмыстарын 2, 3-қосымшаға сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және Махамбет селолық округіне техникалық қызметкерлермен 4-қосымшаға сәйкес қамту тапсырылсын.
      6. Аудандық "Қазақтелеком" бөлімшесіне (келісім бойынша) байланыс нүктесімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Аудандық білім бөліміне әскери есепке тіркелетін жастарды ұйымдасқан түрде мектептердің бастапқы әскери пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісінің басқаруымен, жеке іс қағаздарына қажетті құжаттарды дайындап, шақыру учаскелеріне әкелуді ұйымдастыру міндеттелсін.
      8. Селолық округ әкімдері мекеме-кәсіпорындарда жұмыс жасайтын 1993 жылы туылған, әскери есепке тіркелмеген жастарды керекті құжаттармен осы іске жауапты қызметкердің басқаруы арқылы шақыру учаскесіне жеткізуді қамтамасыз етсін.
      9. Махамбет аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) заңдылыққа сәйкес шақыру учаскелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ету, белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне келмеген адамдарды шұғыл іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ, азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетінің алдын алу мәселелері жөнінде қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп іс–қимыл көрсетуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      10. Аудандық қаржы бөліміне жергілікті бюджет есебінен әскери есепке тіркелу шараларын өткізу үшін қажетті қаржы бөлу тапсырылсын.
      11. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
      12. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                    Р. Сисатов

      Шешім ескертулерсіз келісілді:

      Аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім бастығы майор             Б. Қартқожақов
      Аудандық емхананың бас дәрігері           А. Жұмыров
      Аудандық ішкі істері бөлімінің
      бастығы полиция майоры                    Н. Исаев
      Аудандық "Қазақтелеком"
      бөлімшесінің бастығы                      М. Ожаев

Аудан әкімінің 2009 жылғы
15 сәуірдегі № 106 шешіміне
1-қосымша        

       Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы
       туылған жастарды тіркеу кезіндегі комиссияның құрамы:

Қартқожақов Бекболат - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім
Жұмабайұлы             бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Мәжиев Қайыржан      - ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және
Мәжиұлы                мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің
                       бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

Майбасова Құндыз     - аудандық емхананың медбикесі, шақыру
Cапарқызы              комиссиясының хатшысы (келісім бойынша).

      Комиссия мүшелері:

Тажбентаев Ануар     - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
Сайлаубайұлы           орынбасары (келісім бойынша);

Елеуова Клара        - аудандық емхананың дәрігері, шақыру
Жоламанқызы            комиссиясының аға дәрігері (келісім бойынша);

Аудан әкімінің 2009 жылғы
15 сәуірдегі № 106 шешіміне
2-қосымша      

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы туылған
жастарды тіркеу кезіндегі флюрография және анализ тапсыру
кестесі

Р/с

Мектептер атауы

Өтетін күндері

2010 Қаң- тар

2010Қаң- тар

2010

Қаң- тар

2010

Қаң- тар

2010

Қаң- тар

2010

Қаң- тар

2010

Қаң- тар

2010

Қаң- тар

2010
Қаң- тар

1

Шонаев


х






2

Ағелеуов

х







3

Төленов атындағы мектеп- гимназия





х






4

Қалыбеков





х



5

Таңдай

х







6

Қызылүй


х






7

Жалғансай






х


8

Ақтоғай





х



9

Алға



х





10

Қарашаұлы






х


11

Есбол




х




12

Қосарал




х




13

Кәсіптік лицей № 10









х

14

Чкалов








х

15

Алмалы







х

Ескерту: флюрографияға түсіру аудандық емханада өтеді

Аудан әкімінің 2009 жылғы
15 сәуірдегі № 106 шешіміне
3-қосымша       

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы туылған
жастарды тіркеу кезіндегі дәрігерлік байқаудан өткізу кестесі

Р/с

Мектептер атауы

дәрігерлік байқаудан 2010 жылы қаңтар айында өтетін күндері

1

Шонаев


х






2

Ағелеуов

х







3

Төленов атында?ы мектеп-гимназия



х





4

Қалыбеков





х



5

Таңдай

х







6

Қызылүй


х






7

Жалғансай






х


8

Ақтоғай





х



9

Алға



х





10

Қарашаұлы






х


11

Есбол




х




12

Қосарал




х




13

Кәсіптік лицей № 10









х

14

Чкалов








х

15

Алмалы







х

Аудан әкімінің 2009 жылғы
15 сәуірдегі № 106 шешіміне
4-қосымша       

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы туылған
жастарды тіркеу кезінде бөлінетін техникалық қызметкерлер

Р/с

Кәсіпорын, мекемелер атауы

Саны

Уақыты

1

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2

Қаңтар айы

2

Махамбет селолық округі

2

Қаңтар айы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады