Ауданда қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 28 қаулысы. Исатай аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 наурызда № 4-4-154 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 12.07.2023 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 151 "Сотталғандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару Нұсқаулығын бекіту туралы" бұйрығын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Исатай ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарға жазасын өтеу үшін төмендегі мекемелер қоғамдық жұмыс көзі болып белгіленіп, аудандық қылмыстық атқару инспекциясына ұсынылсын:

      1) "Исатайгазстройсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша);

      2) "Аққыстау су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша);

      3) "З. Қабдолқызы" шаруа қожалығы (келісім бойынша);

      4) "Қ. Құсайнов" жеке кәсіпкер (келісім бойынша).

      2. Аудандық әкімияттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 13 "Аудандық қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Өтеғалиевке жүктелсін.

      4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі З. Сүйнешов

      Келісілді:
"Аққыстау су арнасы"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры:
___________ А. Аманбаева
18.02.2010 ж.
"Исатайгазстройсервис"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры:
___________ А. Аманбаева
18.02.2010 ж.
"З.Қабдолқызы" шаруа
қожалығының басшысы
___________ Т.Ахтаев
18.02.2010 ж.
"Қ. Құсайнов" жеке кәсіпкер
____________ Қ. Құсайнов
18.02.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады