Исатай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 28 "Ауданда қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы" және 2010 жылғы 22 ақпандағы № 27 "Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 91 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 шілдеде № 5066-06 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Исатай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 28 "Ауданда қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-4-154 болып тіркелген) және 2010 жылғы 22 ақпандағы № 27 "Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-4-155 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімінің орынбасары Р. Мукановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Исатай ауданының әкімі П. Хасанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады