Ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтарына біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 64 қаулысы. Исатай аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 мамырда N 4-4-161 тіркелді. Күші жойылды - Исатай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Исатай аудандық әкімдігінің 2013.02.11 № 35 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н. Құрманғалиева) біржолғы әлеуметтік төлемге қаралған қаржыны толық игеруді қамтамасыз етсін.
      2. Аудан халқының әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына арналған біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу кезінде мыналар басшылыққа алынсын:
      1) әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтардың арыздарын қарау үшін аудан әкімдігі жанынан комиссия құрылсын;
      2) комиссия арыз берушінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеп, зерттеу актісіне жалғап ұсыныс берсін;
      3) зерттеу нәтижесі бойынша аудандағы дәрменсіз азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия қорытынды шешім алып, әлеуметтік төлем мөлшерін анықтап, бірақ бұл 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауын қадағаласын;
      4) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі біржолғы әлеуметтік төлемді арыз берушінің жеке есеп шотына аударсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.
      4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Қарабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады