2011 жылғы қаңтар-наурыз айларында аудан көлемінде әскери есепке алу бөлімшесіне 1994 жылы туған азаматтарды әскери есепке алу мен шақыру учаскелеріне тіркеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 57 шешімі. Исатай аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 қаңтарда № 4-4-175 тіркелді. Күші жойылды - Исатай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 49 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Исатай аудандық мәслихатының 2011.12.27  № 49 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туған азаматтарды және әр-түрлі себептермен тіркелмеген жасы үлкен азаматтарды әскери есепке алу мен шақыру учаскелеріне тіркеу ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды әскери есепке алу мен шақыру учаскелеріне тіркеу комиссия құрамы 1-қосымшаға сай бекітілсін.
      3. Азаматтарды әскери есепке алу мен шақыру учаскелеріне тіркеу Исатай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің (келісім бойынша) шақыру пункітінде өткізілсін.
      4. Исатай аудандық орталық емханасына (келісім бойынша):
      1) аудандық дәрігерлік комиссия құрамында ауыстыру мүмкіндігін қарастырып, тиісті дайындығы бар тәжірибелі жоғары білімді медицина қызметкерлерінің, сонымен бірге есепке тіркелушілердің қанын жалпы талдауға, мерезге серологиялық реакциялар, зәрді жалпы талдауға, электрокардиографиялық зерттеу, кеуде қуысы мүшелерін флюрографиялық (рентгенологиялық) зерттеу үшін емдеу-профилактикалық мекемелермен қажетті мөлшерде орын бөлу;
      2) аудандық шақыру пункітін қажетті дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік құрал-жабдықтармен, мүліктермен қамтамасыз етілуін бақылауға алу;
      3) комиссия өту барысында анықталған уақытша жарамсыз жастарға 2011 жылдың 1-ші сәуіріне дейін емдеу-сауықтыру мекемелеріне қажетті орындар бөлу;
      4) қайталап тексеруді акт жасақтау арқылы Исатай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің (келісім бойынша) белгілеген мерзімінде өткізу ұсынылсын.
      5. Исатай аудандық білім бөліміне, Исатай аудандық денешынықтыру және спорт бөліміне, Исатай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) белгіленген кестесіне сай оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізсін және жауапты адамдар мен бірге әскери есепке тіркеу бөлімшесіне ұйымдастырылған түрде әкелу ұсынылсын.
      6. Исатай аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) шақыру бөлімшесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруде және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылысын.
      7. Исатай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2-қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлер бөліну ұсынылсын.
      8. Исатай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша):
      1) 1994 жылы туған азаматтарды тіркеу жұмысының жүру барысын аудан басшылығына хабарлау;
      2) 2011 жылдың сәуір айында аудандық әкімдікте жасөспірімдердің шақыру бөлімшесіне тіркеу жұмысының қортындысы және оларды әскери қызметке дайындау шаралары жөнінде хабарлама беру ұсынылсын.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.
      10. Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                        Б. Қарабаев
Келісілді:
      Исатай ауданының Қорғаныс          Исатай аудандық ішкі істер
      істері жөніндегі бөлімінің         бөлімінің бастығы:
      бастығы:__________Ж. Қойшыбаев     ___________С. Жапақов
      16.12.2010 ж.                      16.12.2010 ж.
      Исатай аудандық емхананың          "Жайықмұнай" мұнайгаз өндіру
      бас дәрігері________С. Айдаралиев  басқармасының бастығы
                                         ___________Д. Төреғалиев
      16.12.2010 ж.                      16.12.2010 ж.

Аудан әкімінің      
2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 57
шешіміне 1-қосымша    

Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі аудандық комиссия құрамы

Қойшыбаев Жандарбек – аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім
Бисенбайұлы           бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Жанарыстанов Ғаллем – аудан әкімі аппаратының қаржы–шаруашылық
                      бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының
                      орынбасары;
Кереева Баян - комиссия хатшысы(келісім бойынша)
Жұмағалиқызы

Комиссия мүшелері:
Бижанова Роза       - аудандық орталық емхананың аға дәрігері
Сембіқызы             дәрігерлік-медициналық комиссияның төрайымы
                      келісім бойынша);
Хисметуллин Ахан    - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
Ғалламұлы             орынбасары (келісім бойынша).

Аудан әкімінің      
2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 57
шешіміне 2-қосымша   

Азаматтарды әскери есепке тіркеу кезінде аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мекемелер арқылы бөлінетін техникалық қызметкерлердің саны

Кәсіпорын, мекемелер атауы

Саны

Бөліну күні

1

"Жайықмұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасы (келісім бойынша)

1

1.01.2011 ж.
31.03.2011 ж.

2

Аудандық білім бөлімі

1

1.01.2011 ж.
31.03.2011 ж.

3

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

1

1.01.2011 ж.
31.03.2011 ж.

4

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2

1.01.2011 ж.
31.03.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады