Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2012.03.26 № 15 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде шақыру учаскесінде тіркеу жүргізілсін.
2. "Исатай аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық куәландырудан өткізуді, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. "Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бадарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмысына қажетті мөлшерде техникалық қызметкерлерді бөлсін.
4. Жоғарыда аталған шараларға қаржы жергілікті бюджет есебінен өтелсін.
5. Аудан әкімінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 57 "2011 жылғы қаңтар-наурыз айларында аудан көлемінде әскери есепке алу бөлімшесіне 1994 жылы туған азаматтарды әскери есепке алу мен шақыру учаскелеріне тіркеу туралы" (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-4-175 тіркелген, аудандық "Нарын таңы" газетінің 2011 жылғы 3 ақпанында № 6 (3490) жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Р. Өтеғалиевке жүктелсін.
7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қарабаев
Келісілді:
Исатай аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы: А. Кенжегулов
27 желтоқсан 2011 жыл
Исатай аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері С. Айдаралиев
27 желтоқсан 2011 жыл