Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 25.02.2013 № 40 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес және ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қосымша қаражаттың бөлінуіне байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 2 тамыздағы № 149 «Ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтарына біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4-5-129 тіркелген, 2010 жылғы 19 тамыздағы «Қызылқоға» газетінің № 34 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2. 2 тармақта:
1)тармақшадағы:
«Әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтардың арыздарын қарау үшін» деген сөз «Әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем төлеу үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2)тармақшадағы:
«Комиссия арыз берушінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеп, зерттеу актісіне жалғап ұсыныс берсін» деген сөздер «Селолық, ауылдық округ әкімдері жанындағы учаскелік комиссия арыз берушінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеп, зерттеу актісіне жалғап, аудандық комиссияға ұсыныс берсін» деп өзгертілсін;
3)тармақшадағы:
«10» деген сан «140» деген санмен өзгертілсін.
3. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 173 «Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 2 тымыздағы № 149 «Ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтарына біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың қазанынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев