Ескерту. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2013.02.25 № 40 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С. Жексенғалиева) біржолғы әлеуметтік төлемге қаралған қаржыны толық игеруді қамтамасыз етсін.
2. Аудан халқының әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына арналған біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу кезінде мыналар басшылыққа алынсын:
1) Әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем төлеу үшін аудан әкімдігі жанынан комиссия құрылсын;
2) Селолық, ауылдық округ әкімдері жанындағы учаскелік комиссия арыз берушінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеп, зерттеу актісіне жалғап, аудандық комиссияға ұсыныс берсін;
3) зерттеу нәтижесі бойынша аудандағы дәрменсіз азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия қорытынды шешім алып, әлеуметтік төлем мөлшерін анықтап, бірақ бұл 140 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауын қадағаласын;
4) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі біржолғы әлеуметтік төлемді арыз берушінің жеке есеп шотына аударсын;
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2010.10.26 № 197 қаулысымен.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев