Ескерту. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық мәслихатының 2012.12.07 № IX-5 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 5000 (бес мың) теңге әлеуметтік көмек беру мөлшері белгіленсін.
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өтіп алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың кезекті
22-сессиясының төрағасы С. Габдуллин
Аудандық мәслихат хатшысы А. Құрманбаев