Ескерту. Күші жойылды - Индер аудандық мәслихатының 2012.12.05 № 63-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағының 15 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 66 "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3 тармағының 4 тармақшасын басшылыққа ала отырып, төртінші сайланған аудандық мәслихаттың ХХІІІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген аудан әкімдігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 58 қаулысымен ұсынылған ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларының мамандарына отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлемдерді тағайындау, қаржыландыру және төлеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына (төрағалары С. Құлғалиев, Б. Сапаров) жүктелсін.
3. Шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың ХХІІІ
сессиясының төрағасы С. Халықов
Аудандық мәслихат хатшысы Е. Көшек