Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына біржолғы әлеуметтік төлемдер төлеу қағидасы туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 218-IV шешімі. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда N 4-6-102 тіркелді. Күші жойылды - Индер аудандық мәслихатының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 230-IV шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Индер аудандық мәслихатының 2010.06.25 N 230-IV шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағының 15 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексiнің 56-бабын басшылыққа ала отырып, төртінші сайланған Индер аудандық мәслихатының ХХІІІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген аудан әкімдігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 57 қаулысымен ұсынылған халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына біржолғы әлеуметтік төлемдер төлеу қағидасы бекітілсін.
      2. Шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына (төрағалары С. Құлғалиев, Б. Сапаров) жүктелсін.
      3. Шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап бастап күшіне енеді.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың ХХІІІ
      сессиясының төрағасы                       С. Халықов
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Е. Көшек
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады