Ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 шілдедегі N 153 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 21 тамызда N 4-6-104 тіркелді. Күші жойылды - Индер ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 07 наурыздағы № 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Индер ауданы әкімдігінің 2013.03.07 № 90 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г. Сүйеуова) біржолғы әлеуметтік төлемге қаралған қаржыны толық игеруді қамтамасыз етсін.
      2. Аудан халқының әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына арналған біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу кезінде мыналар басшылыққа алынсын:
      1) әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтардың арыздарын қарау үшін аудан әкімдігі жанынан комиссия құрылсын;
      2) комиссия арыз берушінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеп, зерттеу актісіне жалғап ұсыныс берсін;
      3) зерттеу нәтижесі бойынша аудандағы әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия қортынды шешім алып, әлеуметтік төлем төлеу мөлшерін анықтап, бірақ бұл 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауын қадағаласын;
      4) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі біржолғы әлеуметтік төлемді арыз берушінің жеке есеп шотына аударсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсін.
      4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                              Ж. Рахметқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады