Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 2011.01.12 № 48 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31 бабының 1 тармағын 8 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағындағы шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыруды кейінге қалдыру құқығын жойған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары ұйымдастырылсын.
2. № 1 қосымшаға сәйкес, әскери қызметке шақыру жұмысын орындау үшін, аудандық әскерге шақыру комиссиясы (келісім бойынша) құрылсын.
3. № 2 қосымшаға сәйкес, азаматтарды дәрігерлік куәландыру үшін, аудандық дәрігерлік куәландыру комиссиясы (келісім бойынша) құрылсын.
4. № 3 қосымшаға сәйкес, аудандық әскерге шақыру комиссиясы (келісім бойынша) мен аудандық дәрігерлік куәландыру комиссиясының (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесі бекітілсін.
5. "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (Е. Қуанов - келісім бойынша), "М. Ғилаев атындағы Құрманғазы аудандық туберкулез ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (Б. Ғазизов - келісім бойынша):
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде аудандық дәрігерлік куәландыру комиссиясын білікті дәрігер-мамандармен, орта медициналық қызметкерлермен жиынтықтап, тиісті кабинеттерін қажетті медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен, құралдармен және медициналық аспаптармен қамтамасыз ету;
2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары кезінде, кеуде органдарын рентгендік, флюорографиалық зерттеу, электрокардиографиялық, қанның жалпы талдауын, несептің жалпы талдау тапсыру жөніндегі жұмыстарға бақылау жасауды ұйымдастыру;
3) денсаулық жағдайына байланысты шақырудан кейінге қалдырылған науқас азаматтармен емдеу-сауықтыру жұмысын жүргізуді, сонымен қатар сырқат азаматтарды есепке алу және олармен сауықтыру шараларын жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
6. Аудандық ішкі істер бөліміне (Ө. Сарбасов - келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды шақыру учаскелеріне жиналу және әскерге жөнелтілу кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, белгіленген мерзімде шақыру учаскелеріне келмеген, әскерге барудан бас тартып жүрген азаматтарды іздестіру, олардың тұратын жерін анықтау жөнінде жедел топтарды құру және оларды Құрманғазы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу, сондай-ақ азаматтардың шақырудан жалтару әрекетін болдырмау мәселелері жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру ұсынылсын.
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С. Рахимов) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру (жинау) жұмыстары кезінде Құрманғазы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша техникалық жұмысшылармен қамтамасыз ету тапсырылсын.
8. Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (М. Дощанова) азаматтарды мерзімді әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу үшін, көркем өнерпаздар ұжымдарының өнер көрсетуін ұйымдастырсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары, әкімдік мүшесі А. Мусаға жүктелсін.
10. Қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі А. Такешев
Келісілді:
Султангалиев Жамбыл - Ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлім
бастығы;
Сарбасов Өтепберген - Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы;
Қуанов Еркінбай - "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынның бас дәрігері;
Ғазизов Байтолла - "М. Ғилаев атындағы Құрманғазы аудандық
туберкулез ауруханасы" коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас
дәрігері.
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 22 сәуірдегі № 160
қаулысына № 1 қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы:
Султангалиев Жамбыл - Құрманғазы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім
бойынша);
Муса Абдурахман - Аудан әкімінің орынбасары, төраға орынбасары;
Мүшелері:
Қаспанов Жангелді - Аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары
(келісім бойынша);
Нсанов Рахметолла - Аудандық орталық ауруханасының аға
дәрігері–хирург, дәрігерлік комиссиясының
төрағасы (келісім бойынша);
Красняк Татьяна - Ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
Әскери қызметшілерді келісім-шартпен жинақтау
және әскерге шақыру бөлімшесінің аға көмекшісі,
комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 22 сәуірдегі № 160
қаулысына № 2 қосымша
Аудандық дәрігерлік куәландыру комиссиясының құрамы
1. Нсанов Рахметолла - аға дәрігер–хирург, дәрігерлік комиссиясының
төрағасы;
2. Юсупова Нурлы - Кардиолог;
3. Қайыргалиева Римма - жасөспірімдер-терапевт;
4. Досқалиев Алпысбай - жүйке жүйесінің ауруларының дәрігері;
5. Кабулова Аида - көз-дәрігері;
6. Жандыбаева Айгүл - тіс-дәрігері;
7. Нұғманов Амангелді - фтизиатр, рентгенолог;
8. Сисеналиев Талап - психиатр-нарколог;
9. Харитонов Виктор - құлақ-мұрын дәрігері;
10. Кабуова Гүлнар - дәрігер-лаборант;
11. Зинуллина Унзила - рентген-лаборант;
12. Зинуллаева Эленора - лаборант;
13. Азербаева Ария - лаборант;
14. Хамзина Сандуғаш - медбике;
15. Кабиева Гүлфара - медбике;
16. Каримова Маржангүл - электрокардиографиалық-медбикесі;
17. Махаева Маржан - санитарка, комиссия хатшысы.
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 22 сәуірдегі № 160
қаулысына № 3 қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясы мен аудандық дәрігерлік
куәландыру комиссиясының азаматтарды әскери қызметке
шақыруды өткiзу кестесі
р/с |
Команда атауы |
Шақыруды өткізу уақыты |
|
1 |
К-102 |
Мамыр |
Қазан |
2 |
К-101 |
Мамыр |
Қазан |
3 |
К-103 |
Мамыр |
Қазан |
4 |
К-104 |
Мамыр |
Қазан |
5 |
К-115 |
Мамыр |
Қазан |
6 |
К-105 |
Мамыр |
Қазан |
7 |
К-106 |
Мамыр |
Қараша |
8 |
К-107 |
Мамыр |
Қараша |
9 |
К-108 |
Маусым |
Қараша |
10 |
К-110 |
Маусым |
Қараша |
11 |
К-113 |
Маусым |
Желтоқсан |
12 |
К-111 |
Маусым |
Желтоқсан |
13 |
К-112 |
Маусым |
Желтоқсан |
Барлығы: 13 |
Ескерту: К-*** - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының коды.