Құрманғазы ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау мен серуендету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 қазандағы № 314-ХХХІ шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 26 қарашада N 4-8-193 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 17 мамырдағы № 54-V шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2012.05.17 № 54-V шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының талаптарын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасының, 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабының 2-тармағының және аудан әкімдігінің 2010 жылғы 16 қыркүйектегі № 367 қаулысы негізінде аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Құрманғазы ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау мен серуендету Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Р. Габдушева) жүктелсін.

      Аудандық Мәслихаттың
      ХХХІ сессиясының төрағасы:               Б. Жүгінісов
      Аудандық мәслихат хатшысы:               Р.Сұлтанияев

Аудандық Мәслихаттың 2010 жылғы

14 қазандағы № 314-ХХХІ   

шешіміне қосымша       

Құрманғазы ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау мен серуендету Ережесі 1. Жалпы Ережелер

      1. Құрманғазы ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау мен серуендету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы жануарлардың күтіп-ұсталуы мен серуендетуін регламенттеу мақсатымен әзірленген.
      2. Осы Ереже ит, мысықтарды ветеринарлық заңдылық талаптарына сай күтіп-ұстау жолдарын, адамдар өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейді және меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар үшін (қызметтік иттерді ұстайтын құқық қорғау, кеден және төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушы органдарының мекемелерінен басқа) барлығына бірдей заңды күші болады.
      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету тәртібі

      4. Иттер мен мысықтарды ұстайтын иелері санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық заңдылықтар мен ережелер талаптарын сақтауы керек.
      5. Ит, мысықтарды көпшілік пайдаланатын қоғамдық орындарда, асханаларда, үй жайлардың баспалдақ бөліктерінде, шатырлар астында, жер төлелерде, дәліздерде, сонымен қатар балкондарда, қонақүйлерде ұстауға рұқсат етілмейді.
      6. Барлық иттер мен мысықтар туғаннан кейін екі айлық жасынан бастап дауалауға, сондай-ақ оларды иелері басқа біреуден сатып алған жағдайда жаңа иесінің атына қайта тіркелуге жатады. Иттер мен мысықтарды тіркеу кезінде иелеріне тиісті әкімшілік аумақтың атқарушы органының ветеринария бөлімдері ветеринарлық төлқұжат береді.
      7. Иттер мен мысықтардың еті мен терісін пайда көру мақсатында өсіріп немесе аулап, тәркілеп, қорлап, сойып сатуға рұқсат етілмейді.
      8. Аулаларда, көшелерде, жалпы елді-мекендерде ит, мысықтарды төбелестіруге, таластыруға болмайды. Осы бағыттағы атқарушы органдар рұқсат бермеген жарыстар мен шараларды ұйымдастырып өткізуге болмайды.
      9. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аулалық аумақтарда, саябақтарда және басқа орындарда) қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иесіз жүрген иттер қараусыз деп есептеледі және қараусыз иттер мен мысықтарды аулайтын тиісті ұйымдардың аулауына жатады.
      10. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулауды жергілікті атқарушы органмен, онда аулаудың шарттары реттелетін шарт жасасқан тиісті заңды тұлға жүзеге асырады.
      11. Серуендетуге рұқсат беріледі:
      1) айналасындағыларға мазасыздық және кедергі тудырмай, аумақтың санитарлық жағдайын сақтағанда тұмылдырық кигізілген және қысқа баудағы иттерді;
      2) иттерді жаттықтыру алаңдарында және осы мақсаттар үшін қарастырылған орындарда қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иттерді;
      12. Иттерді серуендетуге болмайды:
      1) балалар ойнайтын алаңдарда және спорт алаңқайларында, жағажайларда, мектепке дейінгі балалар мекемелері және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және басқа аудан тұрғындарының жаппай демалатын орындарында.
      2) қоғамдық орындарда, халық жиналатын түрлі шаралар өтетін орындарға азаматтарға ит, мысықтарымен баруға, оларды серуендетуге тиым салынады (қылмыспен күрес бөлімдерінің із кесуші иттері, төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушы бөлімдерінің иттерінен басқасына).

3. Иттер мен мысықтардың иелерінің жануарларды ұстау талабы

      13. Жануарлар иелерінің жеке учаске болған жағдайда иттерін байлауда немесе бос күйінде ұстауға рұқсат етіледі. Бірақ учаске биік дуалмен қоршалған болуы, учаскеге кірерде міндетті түрде, көрінетін жерде аулада ит бар екенін ескертіп жазылған ескерту тақтайшасының ілініп тұруы керек.
      14. Азаматтар ит, мысық қалдықтарымен қоршаған ортаны ластауға жол бермеуі керек. Ит, мысықты адамдар шомылатын, пайдаланатын өзен-көл суларына жуындырмауға, ит пен мысықты өлген жағдайда өлігін арнайы мал моласына (биотермиялық шұңқырларға) көму қажет.
      15. Ветеринариялық шаралар жүргізетін ветеринар мамандарға қажетті жағдай туғызуға, ветеринар мамандардың сұрауынша диагностикалық зерттеулерге, вакцинация жұмыстарына ит пен мысықты апарып, жеткізіп тұрулары керек.
      16. Ит пен мысықтың мойнында сол жануардың жеке номері көрсетілген жетоны бекітілген қарғысы болуы керек, жетонды жануарлар иелері өз қаражаттарына алдырып өкілетті органға тіркетеді.
      17. Жаңадан алынған ит, мысықты, сондай-ақ қосылған ит, мысық балаларын, сатқан немесе басқа адамға берген жағдайда мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына немесе ветеринар мамандарға хабарлауы қажет.
      18. Сатушы адам ол иттің немесе мысықтың ветеринариялық төлқұжатын бірге беруі керек. Ит пен мысықтарын басқа жерге алып жүрген жағдайда жануар иесінің қолында сол жануардың ветеринариялық төлқұжаты болуы шарт. Ит, мысық ауырса немесе өлсе, сондай-ақ ерекше қылық танытса ветеринар маман келгенше оларды бөлектеуі керек. Ауырған жануарды қоғамдық көлікпен тасымалданбауы керек.
      19.Үй жануарларын (ит пен мысықты) ветеринарлық-санитарлық заңдылықтар мен ережелерге сай ұстауға, олардың биологиялық қажеттілігін (уақтылы суын, тамағын беру) қамтамасыз етуге, оларға адамгершілік тұрғыдан қарауға, яғни ұрып-соғып жәбірлемеуге, ауырған жағдайда оның ветеринариялық көмек алуына жағдай туғызуы керек.
      20. Ит пен мысық адамды немесе басқа жануарларды жарақаттаған кезде ветеринарлық қызметке және денсаулық сақтау орындарына хабарлау керек. Адам немесе басқа да жануарларды жарақаттаған ит пен мысықты ветеринар маманға апарып көрсетуге, ветеринариялық заңдылықтарға сай емдетуге, олардың берген кеңестерін орындау қажет.
      21. Адам мен жануарларға ортақ ауруларды таратушы ит пен мысық, қаңғыбас ит пен мысық атылуға немесе ауланып, жойылуы керек (байлаулы тұрған дені сау ит пен мысықтан басқалары).

4. Ереже талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік

      22. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңнамалар талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады